Бекшін: Әлия Назарбаева кітабын таныстырған кеш заңға сай өтті


08/10/2021
11:46 39443 0

Фото: esquire.kz

 

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін Әлия Назарбаева кітабын таныстырған кеш саннормаларға сай өткенін айтты.  

 

— Жиналғандардың барлығы вакцина салдырған әрі 72 сағатқа жарамды, нәтижесі теріс ПТР тестерін көрсетті. Бірақ тұтас алғанда жұмыс жалғасып жатыр, — деген Бекшін «Азаттық радиосы» тілшісінің сауалына. 

 

Журналист қала әкімдігі өкілінен танымал адамдар қатысқан іс-шараларды тексеру неге баяу жүретінін де сұрады.

 

— Алматы қаласында алалау принципі жоқ. Ереже бәріне ортақ. Жұлдыздар да бар, қоғам қайраткерлері де бар. Олардың бәрін тексереміз. Мүмкін, айғақтар жинауда мәселе бар шығар. Бұдан хабардар етіп отырамыз, — деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров. 

 

Бұрынғы президенттің кенже қызы Әлия Назарбаеваның «Күш-қайрат мекені» кітабының тұсаукесері 16 қыркүйекте өтті. Шараға ондаған адам қатысты. Арасында Ресей мен Қазақстанының бірқатар селебритиі болды. Сол кезде Алматыда карантин талаптары күшейіп, жұрт жиылатын іс-шара өткізуге тыйым салынған еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/10/2021 11:46
39443 0

Уведомление